Батыр Байназаров пен Әсел Жамақаева ELLE Kazakhstan ұсынған романтикалық Mahabbat Quiz жобасының жаңа кейіпкерлері атанды. YouTube платформасындағы шығарылымда ерлі-зайыптылар бір-біріне қатысты фактілер мен қызықты оқиғаларымен бөліседі. (https://mirrorspectator.com/) Еске салсақ, Батыр «Rin’GO» тобының бұрыңғы мүшесі, ал Әсел «Ayumi» атты girl band-те өнер көрсеткен. Әріптестіктері махаббатқа ұласқан жұп бүгінде көпке үлгі болып жүр. Айта кетейік, Байназаров пен Жамақаева — продюсер Алуа Қонарованың шәкірттері.

Батыр мен Әселдің үйлену тойы көпшілікке ғана емес, ет жақындарының өзіне де жаңалық болған. Жұлдыз жұптың айтуынша, олардың шаңырақ көтерген сәтін барлығы түсірілім деп ойлап қалған. Бүгінде бастан кешкен махаббат хикаяларын әзілмен еске алып жүрген қос ғашық, тұрмыстағы өмірі қалай өтіп жатқандарын айтты.

«Тұрмыстағы тіршілік қажытты», — деген Батыр мен Әселдің сұқбатын толығырақ Mahabbat Quiz жобасынан көре аласыздар.

Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan.

Поделиться: