Соңғы уақытта бетке арналған лимфодренажды щеткалар танымал бола бастады. Бұл бьюти-құралдар әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, олардың көмегімен ісінуді азайтуға, бет пішінін айқындауға, тіпті терінің жалпы жағдайын жақсартуға болады деген пікірлер жиі айтылуда.
Процедураның негізгі мақсаты — ағзаға жиналып қалған сұйықтықтан арылуға көмектесу. Мамандардың айтуынша, лимфа тіндерде іркіліп қалуы мүмкін, соның салдарынан, әсіресе таңертең, бет әлпетіміз ісіңкі көрінеді. Лимфодренажды щетка осы сұйықтықты лимфа түйіндеріне қарай жұмсақ бағыттап, терінің сергек әрі тартылғандай көрінуіне ықпал етеді.
@cyndiramirez Might regret not connecting this to #TikTokShop but wanted to give a very unbiased review. #viralproduct #viralfacebrush #lymphaticdrainage #skincare ♬ original sound - WYA ADRIAN | DJ
Сарапшылар бет пен мойын аймағында лимфа түйіндері көп орналасқанын атап өтеді. Сондықтан дәл осы аймақпен жұмыс істеу айтарлықтай нәтиже беруі мүмкін. Оның ықтимал артықшылықтарына ісінудің азаюы, терінің жарқыраңқы көрінуі және күтім құралдарының жақсырақ сіңуі жатады.
Лимфодренажға арналған щеткаларды жиі гуаша құралымен салыстырады. Алайда мамандардың пікірінше, щетканы қолдану біршама жеңілірек. Ол тасқа қарағанда аса дәл техниканы немесе массаж сызықтарын терең білуді талап етпейді. Ең бастысы — қозғалыстарды абайлап жасап, процедураны тұрақты түрде қайталау.
Мұндай щетканы жұмсақ қимылдармен, алдымен мойыннан бастап қолданған жөн. Массаж алдында мойынның төменгі бөлігі мен бұғана маңын аздап «ашып алу» маңызды — дәл сол бағытқа лимфа ағуы керек. Осыдан кейін құралды мойын бойымен жоғарыдан төмен қарай жүргізеді, содан соң бетке көшеді: ортасынан шетіне қарай, иек сызығы, бет, көз айналасы, маңдай және бетсүйек аймағы бойымен.
Жалпы алғанда — иә, бірақ бір қолданғаннан кейін ғажайып нәтиже күтудің қажеті жоқ. Мұндай массаж шынымен де ісінуді визуалды түрде азайтып, бетке сергек реңк беруі мүмкін, әсіресе оны тұрақты түрде жасап отырсаңыз. Алайда айқын нәтиже көбіне жүйелілікке, дұрыс техникаға және терінің жеке ерекшеліктеріне байланысты болады.
Harper's BAZAAR журналы ұсынған мақаланың түпнұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыз.
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.