Болжамдарға сәйкес, Ретроградты Меркурий, кеше аяқталды. Бірақ ол құбылыстың әсері бірден кете қояды дегенге сену қиын. Сондықтан  жағдай кенеттен өзгеріп, адамдар бір түнде мейірімді бола қалады дегенге иланбаңыз. Өйткені, орындалмаған үміттер адам көңілін қалдыруы мүмкін. Алдағы аптаға арналған жұлдыз жорамал мұны растайды.

Тоқты

Тоқтылар күйзеліс ке ұшырауы мүмкін. Оның негізгі көзі – адамдар болады. Қаншалықты парасатты және сыпайы болуға тырыссаңыз да, сіз екінші жақтан ондайды күтпеңіз. Сондықтан ішкі диалогқа көбірек уақыт бөліп, адамдармен қарым-қатынастан аулақ болу мүмкіндігін іздеңіз.

Бір аптаға арналған жұлдыз жорамал: қазанның 3-і мен 9-ы аралығында сізді не күтеді?

Торпақ

Торпақтарды эмоционалды ауытқуларсыз, тыныш апта күтеді. Дегенмен, сіз одан жалығып, бұрынғы әдетке басуыңыз мүмкін. Сондықтан жұлдыздар тек жақсылыққа ғана назар аударуға кеңес береді. Өйткені, теріс энергияны жинаудың қажеті жоқ.  

Егіздер

Егіздер, барлық маңызды істерді бейсенбіге қалдырыңыз. Өйткені, бұл әлемнің өзі сізге ұсынып отырған ең бір сәтті күн. Қалған уақытыңызды болып жатқан нәрселерді талдауға жұмсаңыз. Себебі, сіз жоғарыдан берілетін көптеген белгілерді елемейсіз.

Шаян

Шаяндар алға қойылған тапсырмаларды адал орындап, өз ісіңізбен  айналысыңыз. Бұл аптада басқа адамдардың арасындағы жанжалға араласпауға тырысыңыз. Әйтпесе, оған сіз кінәлі болып шығуыңыз мүмкін.

Арыстан

Арыстандардың энергиясы таусылуға жақын. Сондықтан өзіңізге қамқорлық көрсететін кез келді. Жұлдыз жорамал сізде осы аптада маңызды істер жоқ дейді. Ендеше уақыт бөліп, демалуды ұмытпаңыз. 

Бір аптаға арналған жұлдыз жорамал

Бикеш

Бикештердің айы оңынан туады. Айналада болып жатқан хаоста сіздер ешқандай күш жұмсамай-ақ, өз проблемаларыңызды оңай шешесіздер. Бірақ сәрсенбіге дейін ғана уақытыңыз бар. Аптаның қалған бөлігін күнделікті істерге арнаған дұрыс.

Таразы

Таразы, сіздің әл-ауқатыңыз не болып жатқанын қабылдауыңызға тікелей байланысты болады. Сондықтан әр нәрседен жақсылық іздеуге тырысыңыз. Айтпақшы, кездесулерге ден қойыңыз. Сіз үшін қазан айы романтикаға толы болады.

Сарышаян

Қаржы саласында қиындықтар туындамайды. Сондықтан табысыңызға назар аударыңыз немесе жаңа инвестициялық жоспар жасаңыз. Жұлдыздар ақша сіздің қолыңызда өзі келеді деп уәде береді.

Мерген

Біреудің наразылығын өзіңізге аударуды доғарыңыз. Өйткені, сіз мінсіз бола алмайсыз. Егер оныншы әрекеттен кейін де келісімге келе алмасаңыз, онда ең дұрыс шешім өз бетімен кету деп жұлдыздар кеңес береді.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Кинья.

Поделиться: