Бір-біріңізге уақыт жетпеген жағдайда, қарым-қатынасты қалай нығайтуға болады

18 марта 2025

Қазіргі заманда уақыт тапшылығы үлкен проблемаға айналғандай. Өміріміздің көп бөлігін жұмыста, одан қалса тұрмыстық мәселерді шешумен жүреміз, әлеуметтік желілерді көп қадағалаймыз және көгілдір экран алдында жиі уақыт өткіземіз. Әрине мұндайдан кейін сүйіктімізден алыстап кеткенімізге таң қаламыз. Психологтар гармонияның кілті – саналы көзқараста деп сендіреді. Махаббат өздігінен жоғалып кетпейді, бірақ ол үнемі назар мен қамқорлықты қажет етеді. Мәселен суаруды қалайтын өсімдік сияқты. Қарым-қатынасты жақындататын маңызды аспектілердің бірі – интимдік байланыс, тек физикалық ғана емес, сонымен қатар эмоционалдық жақындық.

Күндеріңіз минут сайын жоспарланған, кештеріңіз сериал көруге немесе жаңалықтарды оқуға кетіп жатса да, қарым-қатынасты нығайтудың жолы бар ма? Жауабы: иә. Бұл туралы толығырақ төменде айтып береміз.

Фото. Shutterstock.com. Автор. MAYA LAB

Оңаша қалуға ыңғайлы жағдай жасаңыз

Жатын бөлме – бұл тек ұйықтайтын орын ғана емес, серіктестер үшін ерекше аймақ. Кереует – ең интимдік орындардың бірі, мұнда ғашықтар тек демалып, құмарлыққа беріліп қана қоймай, өз ойларымен, сезімдерімен және уайымдарымен бөлісе алады.

Зерттеулер көрсеткендей, жұптардың 72 пайызы бірге ұйықтаудың қарапайым, бірақ тиімді тәсіл екенін айтады. Кешкі рәсімдер сөйлесуге немесе жай ғана бірге жатып, бір-біріңізді сезінуге мүмкіндік береді. Маңыздысы – бір бөлмеде ұйықтау ғана емес, телефондарыңызды өшіріп, бір-біріңізге көңіл бөлу.

Фото. Shutterstock.com. Автор. PeopleImages.com — Yuri A

Қарым-қатынастарыңызды нығайтатын әдеттер

Қарым-қатынасты нығайту үшін үлкен әрекеттердің қажеті жоқ. Маңыздысы – қарапайым, бірақ мағыналы әрі ерекше сәттерді ұмытпау:

Ұйықтар алдында құшақтасып, таңертең жұбыңызды сүйіңіз: бұл ең қарбалас күндердің өзінде жақындықты сезінуге көмектеседі.

Жеке ойларыңызбен бөлісіңіз: эмоционалдық байланыс физикалық жақындық сияқты маңызды. Тек күнделікті істерді ғана емес, сезімдеріңізді де талқылауға уақыт табуға тырысыңыз.

Бірге көңіл көтеріңіз: ортақ көңілді сәттер қарым-қатынасты нығайтады.

Бірге болған сәттерде гаджеттен бас тартыңыз: әлеуметтік желілер мен жұмыс күте тұрады. Телефонды өшіріп, бір-біріңізге толықтай көңіл бөлетін уақыт белгілеңіз.

Жәй ғана әңгімелесуге тырысыңыз: қарым-қатынастың негізі – әңгімелесу. Бір-біріңізді тыңдаңыз, сұрақтар қойыңыз, қызығушылық танытыңыз.

Фото. Shutterstock.com. Автор. Prostock-studio

Көптеген жұптар қарым-қатынастары уақыттың жетіспеушілігінен зардап шекпейді деп ойлайды, бірақ статистика керісінше көрсетеді. Қазіргі күйбең тіршілік серіктестерді алыстатады, тіпті сырттай бәрі жақсы көрінсе де. Бірақ жақсы жаңалық – аздаған күш салсаңыз, қарым-қатынасты нығайтуға болады. Ең бастысы – бірге өткізген уақыттың сапалы болуына мән беру.

Harper’s BAZAAR Spain ұсынған мақаланың түпнұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыз.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Shutterstock.com. Автор. fizkes

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше