Заманы­мыздың қаһарман арулары: әйелдер туралы ең танымал телехикаялар
Фото. Gloria Sanchez Productions, HBO Max, Heyday Television.

Заманы­мыздың қаһарман арулары: әйелдер туралы ең танымал телехикаялар

05 марта 2026

Жоғары қаралым көрсеткіштері, беделді марапаттар және әлем бойынша миллиондаған жанкүйерлер — бүгінде әйелдер туралы сериалдар индустрияда алдыңғы қатарға сенімді түрде шықты. Дәл осындай ең рейтингі жоғары жобалар туралы төменде айтып өтеміз.

«Секс в большом городе» (1998–2004)

IMDb рейтингі: 7.4

Героини нашего времени: самые рейтинговые сериалы о женщинах
Фото. HBO Original.

Бұл жобаны таныстырып жатудың өзі артық. Дегенмен де 90-жылдардың соңындағы Нью-Йорк — еркіндікке, коктейльдерге және махаббат туралы шексіз әңгімелерге толы қала. Оқиғаның ортасында — қарым-қатынас жайлы баған жазатын журналист Кэрри Брэдшоу. Уақыт өте келе ол өз бақылауларының кейіпкеріне өзі айналады.Кэрри үш құрбысымен бірге өмір мен махаббаттың сан қырын зерттейді: парасатты Миранда, идеалист Шарлотта және батыл Саманта. Олар кездесулер, неке, опасыздық пен жеке амбициялар әлемін бірге бастан кешіреді.Әр жаңа маусым — өздерін таңдауды үйренген төрт әйелдің есейіп, өмірден сабақ алу тарихы. Олар ауыр айырылыстарды бастан өткеріп, соған қарамастан махаббат жолында тағы да тәуекелге барады. Айта кетерлігі, бұл сериалдың танымалдығы әлі күнге дейін бәсеңдеген жоқ. Сондықтан авторлар оның жалғасын «И просто так» атты жаңа жобамен түсіруді шешті.

«Во всем виновата она» (2025)

IMDb рейтингі: 7.5

Героини нашего времени: самые рейтинговые сериалы о женщинах
Фото. Heyday Television.

Бұл — аналық сезім, күдік пен қоғам қысымы туралы баяндайтын заманауи психологиялық триллер. Басты кейіпкер — табысты әйел. Алайда оның өмірі баласы ұрланғаннан кейін күрт өзгеріп, біртіндеп күйрей бастайды. Әдеттегідей, қоғам тез үкім шығарады, ал медиа оның жеке қайғысын үлкен сенсацияға айналдырады. Көрерменге бұл оқиға соңына дейін шиеленісті сақтап, ең айқын көрінген шындықтың өзіне күмәнмен қарауға мәжбүр етеді.

«Отчаянные домохозяйки» (2004 – 2012)

IMDb рейтингі: 7.6

Героини нашего времени: самые рейтинговые сериалы о женщинах
Фото. ABC Studios.

«Әйелдер туралы ең жоғары рейтингке ие сериалдар» тізіміне енген тағы бір танымал жоба — «Отчаянные домохозяйки». Сырт көзге мінсіз көрінетін Вистерия Лейн көшесі үйлердің ұқыпты қасбеттерінің артында әлдеқайда көп құпия жасырып тұр. Оқиға Мэри Элис Янгтың өз-өзіне қол жұмсауынан басталады. Дәл оның кадр сыртындағы дауысы көрерменді көршілер өміріндегі жанжалдар, әшкерелеулер мен қылмыстарға толы оқиғалар арқылы жетелейді.

Сьюзан, Бри, Линетт және Габриэль — мінезі мен тағдыры әртүрлі төрт әйел. Бірі жеке өмірін реттеуге тырысса, екіншісі бәрін бақылауда ұстауға әуес. Үшіншісі мансап пен аналық міндеттің арасында теңселсе, төртіншісі жоғалтқан сән-салтанатты сағынып жүреді. Алайда олардың барлығын берік достық біріктіреді.

«Прощай навсегда» (сериал, 2019 – ...)

IMDb рейтингі: 7.9

Героини нашего времени: самые рейтинговые сериалы о женщинах
Фото. Gloria Sanchez Productions.

Күншуақты Калифорниядағы тыныш қала маңында күтпеген қайғылы оқиға орын алады. Күйеуінің қазасын бастан өткеріп жатқан Джен сол бір тағдырлы түнде шын мәнінде не болғанын анықтауға тырысады. Психологиялық қолдау тобына барған кезде ол өзіне мүлде қарама-қарсы мінезді — өмірге құштар Джудимен танысады. Алайда бұл қыз бәрін түбегейлі өзгертіп жіберуі мүмкін бір құпияны жасырып жүр.

«Утреннее шоу» (сериал, 2019 – ...)

IMDb рейтингі: 8.1

Героини нашего времени: самые рейтинговые сериалы о женщинах
Фото. Apple Inc..

Үлкен телевизияның тасадағы өмірі экрандағы жарқын күлкі мен сергек амандасудан әлдеқайда драмалық болып шығады. Танымал бағдарлама күтпеген жанжалға тап болады: жүргізуші орынсыз әрекеті үшін айыпталып, қызметінен кенеттен босатылады. Бұл жағдай редакция ішіндегі күштер тепе-теңдігін түбегейлі өзгертетін оқиғалар тізбегін бастайды.

Осы сәттен бастап алдыңғы қатарға бәрін бақылауда ұстауға үйренген өршіл Алекс Леви мен күтпеген жерден эфирден орын алған принципшіл журналист Брэдли Джексон шығады.

«Убивая Еву» (2018–2022)

IMDb рейтингі: 8.1

Героини нашего времени: самые рейтинговые сериалы о женщинах
Фото. Sid Gentle Films.

Ева Поластри — британдық арнайы қызметтің қызметкері. Ол талантты жалдамалы қылмыскер Вилланельді қолға түсіру идеясына беріліп кеткен. Ал Вилланель бұл қуғынды өзінше бір ойынға айналдырады. Екеуінің арасында ерекше байланыс қалыптасады: кәсіби қызығушылық, бәсекелестік және жеке әуестік араласқан күрделі қарым-қатынас.

«Хитрости» (2021 – ...)

IMDb рейтингі: 8.2

Героини нашего времени: самые рейтинговые сериалы о женщинах
Фото. HBO Max.

Стендап әлемінің аңызы Дебора Вэнс — Лас-Вегастың нағыз иконасы. Ол әрдайым аншлагпен өтетін кештер мен сән-салтанатқа үйренген. Алайда уақыт өзгереді: көрермен жасарып, рейтингтер жаңаруды талап етеді. Сахнадағы орнын сақтап қалу үшін оған жанжал тудырған твитінен кейін жұмысынан айырылған жас сценарист Авамен бірге жұмыс істеуге тура келеді.

«Рассказ служанки» (2017–2025)

IMDb рейтингі: 8.3

Героини нашего времени: самые рейтинговые сериалы о женщинах
Фото. MGM Television.

Оқиға ойдан шығарылған Галаад республикасында өтеді. Мұнда билік қатаң діни режимнің қолында, ал бала көтере алатын әйелдер билеуші элитаның ұрпағын жалғастыру құралына айналған күңдерге айналады.

Басты кейіпкер Джун Осборн өз есімі мен отбасынан айырылған. Енді оның жаңа аты — Оффред, яғни жоғары лауазымды Командордың меншігі. Алайда қатыгез жүйенің қысымына қарамастан, ол ішкі күшін жоғалтпайды және тартып алынған өмірін қайтара алатынына үміттенеді.

«Почему женщины убивают» (2019–2021)

IMDb рейтингі: 8.3

Героини нашего времени: самые рейтинговые сериалы о женщинах
Фото. Paramount+.

Пасаденадағы бір үй, үш түрлі дәуір және қылмыспен аяқталатын үш түрлі неке тарихы. 1960-жылдар, 1980-жылдар және қазіргі заман — уақыт пен көрініс өзгергенімен, адамдық құмарлықтар мен сезімдер сол күйінде қалады. Үй шаруасындағы әйел, қоғамның сәнқой жұлдызы және табысты адвокат әйел опасыздықпен, сатқындықпен әрі ішкі күмәндарымен бетпе-бет келеді.

«Большая маленькая ложь» (2017–2026)

IMDb рейтингі: 8.4

Героини нашего времени: самые рейтинговые сериалы о женщинах
Фото. Pacific Standard.

Бір қарағанда бұл — Калифорниядағы нағыз идиллия: жекеменшік мектеп, мұхит жағалауы, күтімі мінсіз сәнді үйлер. Алайда аналардың мінсіз күлкісінің артында шиеленіс, бәсекелестік пен түрлі қорқыныштар жасырынған. Барлық құпия бір кісі өлтіру оқиғасынан кейін ашыла бастайды. Ал құрбанның кім екені бірінші маусымның соңына дейін құпия күйінде сақталады.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше