Жақында BTS өз жанкүйерлерін 21 ақпанда шығатын, Map of the Soul: 7 деп аталатын жаңа әнжинағымен қуантады. Алайда жанкүйерлер қазірдің өзінде жинақтың трек-парағымен таныса алады. Жиырма туындының арасында BTS-тің басқа атақты әртістермен бірігіп орындаған туындылары да бар. Бұл жөнінде Твиттердегі парақшасында оңтүстіккореялық топтың басқарушы компаниясы – Big Hit Entertainment мәлімдеді.
#BTS #방탄소년단 #MAP_OF_THE_SOUL_7 Tracklist pic.twitter.com/omE98N2pZD
— BigHit Entertainment (@BigHitEnt) February 16, 2020
Альбомның цифрлық үлгісінің бірінші синглы Sia-мен бірге жазылған ON трегі болмақ, сондай-ақ Troye Sivan-мен бірге орындалған Louder Than Bombs-ты тыңдауға болады.
Трек-парақта Map of the Soul: 7 әнжинағына кірген, бұрын шығарылған үш ән бар. Олар Interlude: Shadow, Outro: Ego және Black Swan. Жанкүйерлер сондай-ақ BTS-тің Map EP of the Soul: Persona әнжинағына кірген алты әнін тыңдай алады. Олардың арасында Intro: Persona, Halsey-мен бірге жазылған Boy with Luv, Mikrokosmos, Make It Right, Jamais Vu және Dionysus бар.

2020 жылдың екінші жартысында BTS-тің құрылуы және олардың музыкалық Олимп шыңына шығу жолы туралы драмалық сериал шығатынын айта кеткіміз келеді. Алайда топ мүшелерінің өздері экраннан көрінбейді.
Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Сурет. Depositphotos.com.