«Ninety One» тобының мембері Alem дебюттық трегін ұсынды. Алғаш рет соло әртіс ретінде композиция жарыққа шығарған Батырхан Мәліков туындыға «Daiynbyz ba?» деген атау қойған.

Ән — Батырханның жұбайы Вероника Жанғаловаға арнап жазылған. Лирикалық синглде жұп отбасылық өмірлеріндегі жаңа кезеңді сипаттайды. Нақтырақ айтсақ, жуырда Alem мен Ника ұлды болмақ.

Ал «Daiynbyz ba?» трегінде Батырхан Мәліков – композитор, мәтін авторы – dudeontheguitar.


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @_zhangalova

Поделиться: