Darikorn мен Дархан Жолшыбековтың отбасында қуаныш. Ғаламторда ауқымды аудиториясы бар блогерлер gender party жасады. Желі жұлдыздары өнердегі және өмірдегі достарының басын қосып, болашақ сәбилерінің жынысын анықтады. Екінші мәрте ата-ана атануға дайындалып жүрген жас отбасы маңызды күнді ауқымды етіп ұйымдастырған.



Ал, Дархан мен Дариғаның болашақ бөбектері – қыз. Еске салсақ, олардың 1 жастан асқан Даниял есімді ұлы бар. Бір қызығы, Даридың құрсағындағы сәбиді анықтау үшін блогерлердің бәрі атсалысып, алдын-ала болжам жасаған. Тіпті желі жұлдыздары екі тарапқа бөлініп, бірі ұл десе, екіншісі қыз болады деп таласқа түскен. Сонымен ханшайым дүниеге келеді дегендер жеңгені анық.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @daricorn.rr