ALEM мен DASHXX күш біріктірді! Қос музыкант фит жазып, тыңдарманды қуантты. Күтпеген коллаборация «AURA» әніне жазылған. Трек қазақ және ағылшын тілінде орындалған. Бір қызығы, сингл екі қалада жазылып, соңғы өңдеу үшінші қалада жасалған.

Айта кетейік, өнерпаз DASHXX Германияда тұрады. Ол бұған дейін Тимати, ZAQ, L’One, Liili, Ulukmanapo және The OM сынды таланттармен бірге жұмыс істеген.

«AURA» – жүрекке ұмытылмас із қалдыратын арудың ерекше аурасы туралы жеңіл әрі ғашықтыққа толы поп/хип-хоп композиция. Тректе синтезаторлар мен электроника үйлесіп, тыңдарманға жеңілдік пен сиқырлы атмосфера сыйлайды.

Еске сала кетейік, ALEM-нің соңғы шыққан «Kuiim» әні Қазақстанның музыкалық чарттарында топ-1 орында тұр, ал YouTube-тағы бейнебаяны бір апта ішінде 3 миллионнан астам қаралым жинады. Қос музыканттың айтуынша, «AURA» туындысы да дәл осындай жетістікке жетуді мақсат етеді.


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @xcialem @dashxxmusic

Поделиться: