Дильназ Ахмадиева тұңғышын дүниеге әкелді. Мұндай қуанышты жаңалығымен әртіс өзінің Instagram парақшасында бөлісті. Ол күйеуімен бірге түскен суретін жариялап, «Құттықтауларыңызға рақмет! Балапанымыз еліміздің азаматы атанып үлгерді! Құттықтауларыңызды қуана қабылдаймыз. Бұл –  екеуіміз жеткен ең үлкен жетістік» деп жазды.

Естеріңізге сала кетейік, Дильназдың баласының әкесі әрі жары – әнші Әзілхан Сейітбаев (Азильдо). Аталмыш жұптың сәби күтіп жүргені жайлы өткен жылдың соңында белгілі болды.

Дильназ Ахмадиева

Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Сурет. @dilnazakhmadiyeva.