Димаш Құдайберген Қырғызстанның халық әртісі атағын алды
Фото. Instagram @kudaibergenov.dimash.

Димаш Құдайберген Қырғызстанның халық әртісі атағын алды


Димаш Құдайберген тағы бір мәрте халық әртісі атағын алды! Музыкантты мұндай лауазымға лайық деп танып, құрмет көрсеткен - қырғыз елі. 22 шілдеде Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында «Мейкин Азия» IV халықаралық музыка фестивалінің финалы өткен еді. Шараның жабылу салтанатында Қырғыз Республикасы Президенті Садыр Жапаровтың жарлығына сәйкес, Қазақстанның халық әртісі, әнші әрі композитор Димаш Құдайбергенге «Қырғыз Республикасының халық әртісі» құрметті атағы берілді.

Дәл осы марапатты Димашқа мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрі Мирбек Мәмбеталиевтің қатысуымен Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұлов табыстады. Құдайберген-тегі болса өз тарапынан қазақ пен қырғыз халқының үлкен достығының символы, қазақ халқына көрсетілген құрмет деп білетінін жеткізіп, алғысын айтты. Еске салсақ, өнерпаз 2023 жылы Қазақстанның халық әртісі атағын алған болатын.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше