Димаш Құдайберген жағымды жаңалығымен бөлісті. Музыкант әйгілі опера әншісі Пласидо Доминго бірге дуэт жазды. Маэстро мен Димаш 1863 жылы жарық көрген Жоржа Бизе операсына тиесілі «The pearl Fishers» композициясына жаңа дем бермек. Туындының тұсауы бүгін кесіледі.
Еске салсақ, 14 қаңтарда Испанияның әйгілі «El periodico de espana» газетінің кезекті санында «Жаһандық феномен» айдарымен Димаш туралы мақала жарияланды.
Сондай-ақ Димаш әлемдегі опера жұлдызы Пласидо Домингоны қай уақыттан бері танитынын да айтты.
«1999 жылы біздің үйде үш ұлы тенордың концерті жазылған кассета болды. Бірақ мен жылдар өте келе Ұлы Пласидо Домингомен бірге Еуропадағы ең қызық «Виртуоздар» телешоуының қазылар алқасының мүшесі болып жұмыс істейтінімді елестете алмадым. Бұл – жас талантты сайыскерлер үшін нағыз жұлдыз атануға тамаша мүмкіндіктің бірі. Барлық қатысушыға және бізге, қазылар алқасының мүшелеріне сәттілік тілеймін», — деймін деп Димаш инстаграм парақшасында пост салған болатын.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @kudaibergenov.dimash