Димаш Құдайберген әйгілі актер Джеки Чанмен жұмыс істемек. Музыкант әйгілі актердың кезекті фильміне саундтрек орындайды. Мұндай қуанышты жаңалықты Dimashnews сайтында dears хабарлады.

Джеки Чанның жаңа картинасын әуенмен америкалық композитор және продюсер Нейтан Ванг әрлеген. Еске салсақ, жұлдыздар бірнеше жыл бойы шығармашылық тандемде жұмыс істеп келеді. Ал Димаш Құдайберген фильмнің саундтрегін орындайды. Димаш Джеки Чанның 2020 жылы жарыққа шыққан «Авангард» фильмінде де ән шырқаған еді. Сол сәтте «Happy» атты трек сұранысқа ие болып, FRESH-ASIA хит шеруінің көшін бастаған.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @kudaibergenov.dimash

Поделиться: