Димаш Құдайберген БҰҰкөші-қон ісі жөніндегі ізгі ниет елшісі атанды! Жас болса да жаһанға танымал музыкант енді мигранттардың құқықтарын қорғамақ. Қуанышты жаңалықты Димаш өзінің инстаграм парақшасында мәлімдеді. DEARS фан-базасынан сүйінші сұраған өнерпаз арнайы пост жариялап, өзінің жаңа қызметімен бөлісті.

«Достар, мен Халықаралық көші-қон ұйымы (IOM) — Біріккен Ұлттар Ұйымының көші-қон агенттігінің Ізгі Ниет Елшісі ретінде жаңа рөлімде  адам құқықтары мен мигранттардың  құқықтарын  қорғауды мақтан тұтамын.

Әр адам қорғалған және мүмкіндіктерге ашық  әлем үшін бірігейік!» , — деген Димаш, бүгінде жаңа қызметіндегі жұмысқа кіріскен.  

ХБҰ – көші-қон саласындағы жетекші үкіметаралық ұйым болып табылады. Ол гуманистік және тәртіпке негізделген көші-қон мигранттар мен қоғамға тек пайда әкеледі деп есептейді. ХБҰ Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесіне 2016 жылы ассоциацияланған ұйым ретінде қосылғанын еске түсіре кетейік.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @kudaibergenov.dimash

Поделиться: