Димаш Құдайберген «Грэмми» иегерімен күш біріктірді!

05 марта 2025

Димаш Құдайберген – әлемдік деңгейде сапалы туындылар ұсынатын музыкант. Жас болса да жаһанды мойындатқан әнші кезекті бейнебаянын ұсынғалы отыр. Туынды «Love’s Not Over Yet» атты композицияға таспаланған. Димаш бұл тректі әйгілі американдық композитор әрі музыкалық продюсер Уолтер Афанасьеффпен бірігіп дайындаған. Айта кетсек, өнер иесі — 2 дүркін «Грэмми» марапатын жеңіп алған беделді тұлға. Димаштың жаңа видеоклипі 7 наурыз күні тыңдарманға ұсынылмақ.

«Dears! Сіздерге «Love’s Not Over Yet» атты жаңа бейнебаянымның тизерін ұсынамын. Біздің тарихымыз қалай құрылады деп ойлайсыздар? Пікірлеріңізді бөлісе отырыңыздар, достар!»

Сондай-ақ, Уолтер Афанасьефф әлемге әйгілі «Титаник» фильмінің хит саундтрегі «My Heart Will Go On» әніне продюсерлік еткен болатын. Ал маэстро Димашпен 2017 жылы танысқан екен.


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото: Instagram @kudaibergenov.dimash

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше