«Жұлдыздар танымалдылыққа дейін және қазір…» Дина Тасбулатова ескі фотосуретін көрсетті

22 декабря 2023

Жұлдыздардың танымалдылыққа дейінгі кездері әрқашан да қызық. Әсіресе медиа тұлғалардың жанкүйерлері үшін. Олар кумирлерінің өнер жолын бастамай тұрған сәттерін жиі көргісі келеді. Harper`s BAZAAR Kazakhstan ұжымы шоу-бизнес өкілдерінің жастық шағына саяхат жасап, бүгінгі таңда қандай өзгеріске ұшырағанын ашып көрсетпек. Біздің «Жұлдыздар танымалдылыққа дейін және қазір…» яғни «до и после» айдарының кезекті кейіпкері – актриса Дина Тасбулатова.

Дина Тасбулатова бүгінде сұраныстағы актрисалар қатарында. Кино жұлдызы мансабын 2011 жылы бастаған. Өнерлі ару 10 жылдан астам талай толықметр мен телехикаяларда басты рөлді сомдап келеді. Ал, фотода Дина 20 жаста. Суреттен сол сәттің трендін байқауға болады. Мәселен, қастың жұқалығы мен make up. Арада 15 жыл өтсе де Тасбулатова қаз-қалпында. Актриса шынайы сұлулықты құп көреді. Сондықтан да, сылқымнан әрдайым тек табиғилықты байқайсыз.


Автор. Гүлдана Мұқан. Фотосуреттер: Кейіпкердің жеке мұрағатынан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше