Кейде адамның өмірінде бұрынғыдай өзекті болмаған сұрақтар пайда болады. Осы сәтте кейбіреулер өмірлік құндылықтарын қайта қарап, басқа дінді қабылдауға шешім қабылдап жатады. Мұндай таңдау көбінесе қоғам тарапынан сын мен күмәнге ұшырайды. Алайда бұл жандар өз жолымен, саналы түрде және шынайы сеніммен жүріп келеді — көп жағдайда көпшілік пікіріне қарамастан таңдау жасап жатады. Мұндай хикая атақты адамдарға да тән. USmagazine-ге сілтеме жасай отырып, дінін өзгерткен танымал тұлғалар туралы айтып береміз.
София Ричи

Фото. Getty Images. Автор. Emma McIntyre.
София христиандар отбасында тәрбиеленген. Алайда 2023 жылы Эллиот Грейнджге тұрмысқа шығар алдында иудаизмді дінін қабылдады.
Карли Клосс

Фото. Getty Images. Автор. Emma McIntyre.
Супермодель сүйіктісі үшін дінін өзгерткен тағы бір жұлдыз. 2018 жылы Джошуа Кушнерге тұрмысқа шықпас бұрын гиюр рәсімінен өтіп, иудейлік сенімді ұстанушы атанды. «Өзіңнің бір бөлігін басқа адам үшін өзгерту әлсіздік болып көрінуі мүмкін. Бірақ бұл үлкен күшті, өзіңе деген құрмет пен табандылықты қажет етеді», – деді Карли.
Джулия Робертс

Фото. Shutterstock.com. Автор. Everett Collection
Актриса христиан отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленген. Алайда 2010 жылы «Жеп, дұға ет, сүй» фильмінде түскеннен кейін индуизмге бет бұрып, рухани тірек сол діннен тапты.
Ричард Гир

Фото. Getty Images. Автор. RAFA RIVAS.
Артист бала кезінен христиан дінін ұстанған, алайда 1978 жылы ауыр депрессияны бастан кешіргеннен кейін буддизмге бет бұрды. Өнер иесіне үнді дініне арналған Уолтер Эванс-Вентцтің кітаптары шабыт берген. «Мен бұл кітаптарды бір деммен оқып шықтым. Олар жақсы роман секілді қызықты болды және бір уақытта еркіндікке жол ашты», — деп сипаттаған жұлдыз сол еңбектерді.
Шэрон Стоун

Фото. Shutterstock.com. Автор. DELBO ANDREA
Жас кезінде католик дәстүрлерін ұстанған актер 2000-жылдары буддизмге өткен.
Мэрилин Монро

Фото. Shutterstock.com. Автор. Archive Photos.
Атақты актриса 1956 жылы драматург Артур Миллерге тұрмысқа шыққаннан кейін иудаизмді қабылдады. Оның құрбысы Сьюзен Страсбергтің естелігіне сүйенсек, Монро өзін еврей халқымен жақын сезінген. «Олар не істесе де, үнемі қуғындалады – мен сияқты», – деген екен Мэрилин.
Том Круз

Фото. Getty Images. Автор. China Photos.
Актер католиктік тәрбие алған. Бірақ 1986 жылы сол кездегі жары Мими Роджерс арқылы сайентологиямен танысып, содан бері бұл дін оның өмірінде маңызды орын алып келеді.
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Getty Images. Автор. Hulton Archive.