«Күту тізімі»! Режиссер Қанат Бейсекеев кезекті фильмінің тұсауын кесті. Фильм донор іздеп шарқ ұрған жандар мен олардың отбасын суреттейді, өмір мен өлім арасындағы арпалыс сәттері хақында көрсетеді. Қазақстанда соңғы екі жылда донор болуға келіскен 4 -ақ адам бар. Қайтыс болар шағында дене мүшелерін өзгеге берген бұл жандар 25 жанға өмір сүру «құқығын» сыйлаған. Ал, «Күту тізімінде» әлі —  3532 науқас өз кезегін тосуда. Осындай өзекті мәселеге ден қойған режиссер күні кеше деректі картинаның жабық көрсетілімін Алматыда өткізді.

ҚАНАТ БЕЙСЕКЕЕВ

Кана мұндай ауыр тақырыпқа кіріспес бұрын ұзақ уақыт батына алмағанын айтады. Режиссер дәл осы туынды арқылы қайырымдылық акциясын бастады. Басты мақсат – 140 000 доллар яғни 67 млн теңге жинап, донор іздеген жандарға көмек беру. Ал, туынды YouTube платформасында қолжетімді.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram.

Поделиться: