Джастин Бибер жанкүйерлеріне психикалық ахуалы мен есірткіге тәуелділігі туралы YouTube-тен көрсетілетін Justin Bieber: Seasons деректі фильмінде ашық айтып берді. Әңгіме барысында Джастин Бибер бір кезде марихиуананы қаншалықты жақсы көргенін мойындады.

«Ең алғаш рет шөпті мен үйімнің артқы ауласында шегіп көрдім. Шегіп көріп, маған қатты ұнайтынын ұқтым. Тіпті оны тұтынбасам, тұра алмайтын күйге жеттім. Бірте-бірте мұным тәуелділікке айналып, мұны тоқтатпасам, болмайтынын түсіндім», — деп ағынан жарылды әнші.

Джастин Бибер

Марихуанаға деген әуестік ол тәуелді болған зиянды әдеттердің бірі ғана. Джастиннің өзінің айтуынша, ол сондай-ақ психоактивті дәрі саналатын кодеинмен араласқан жөтелге қарсы сиропты тартып, адамның есін ауыстыратын саңырауқұлақтарға да әуес болған. Бейнетуындыдан Хейли Биберді де көруге болады. Ол жарының есірткі арқылы бойындағы мазасыздықты жеңуге тырысқанын айтып берді.

Жағдай барған сайын қиындай түсті, нәтижесінде Джастин Бибер жетер жеріне жеткенін, өлуге жақын екенін сезінеді. Сол кезеңде әртістің қауіпсіздік қызметі түнде оның тірі екеніне көз жеткізу үшін әлсін-әлсін тамырын тексеріп отырған. Кейін әнші ерік-жігерін жинап, емделуге бел буды. Есіркіге тәуелділіктен басқа, деректі фильмде Джастин Бибер сондай-ақ Лайм дертімен және мононуклеозбен күресі жайлы баяндады


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Shutterstock.com.

Поделиться: