«Шіркін, сол сезімдерді Алла маған тағы бұйыртса екен деген тілегім бар». Мадина Сәдуақасова екінші мәрте ана атануды көздеп жүр. Әнші бұл туралы «MOM’sкий әңгіме» бағдарламасында айтты. 43 жастағы эстрада жұлдызы бала көтеру мақсатында түрлі әрекетті де жасап жатқанын айтады. Бүгінде өнер иесінің 8 жастан асқан Әнуар есімді жалғыз ұлы бар.

Мадина Сәдуақасова

«Әрине, екінші баланы дүниеге әкелгім келеді. Сол екінші баланы дүниеге әкелу үшін барлығын жасап жатырмын. Қазір қандай мүмкіндіктер бар, барын жасап жатырмын. Өте қиын, оңай емес. Кейде «Неге босанбай жатырсың? Уақыт өтіп бара жатыр» деп сұрап жатады. Бұл ең жек көретін сұрағымның бірі. Менің ойымша, ол — бұйрық. Егер бұйырып тұрса, Алла Тағала маған сондай бақыт сыйласа, мен қуана қабылдаймын. Нешеуін береді, соншасын босанамын. Бірақ, әзірге ешқандай өзгеріс жоқ», — деп Мадина ішіндегі жан сырын ақтарды.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram.

Поделиться: