«Енді неке жүзігін күтемін?»: Ерке Есмахан мен Райм шаңырақ көтере ме?

17 января 2023

«Енді үшінші сыйлайтын сақинаң неке жүзігі болсын деп намектай берейін, рақмет барлығы үшін!». Ерке Есмахан инстаграмдағы stories-ында жігітіне алғыс білдіріп, оқырмандарын тағы да қызықтырып қойды. Әншінің сүйіктісі Милан қаласындағы сапарында BVLGARI, CARTIER брендтерінің жүзігін сыйға тартқан.

Ерке Есмахан

Фото. Instagram @erke_esmahan

«Енді үшінші рет неке жүзігін күтемін», - деп Ерке жазба қалдырса, Райм Еркемен берге фото жүктеп фолловерлердің сұрағына жауап бергендей. Суретте бақытты Райм мен Еркені байқауға болады. Бұған дейін TikTok желісінде қос жұлдыздың көңіл жарастырғаны туралы ақпарат тараған еді. Бүгінде Райм бұл қауесетке нүкте қойды.

Ерке Есмахан

Фото. Instagram @erke_esmahan


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram @erke_esmahan

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше