Шоу-бизнесте тағы бір жұлдыз жұп! Саяхатшы-блогер әрі мобилограф Сәкен Кагаров пен актриса, әнші Айжұлдыз Адайбекова ресми жұп. Қос ғашық көңіл жарастырғанын инстаграм парақшаларында мәлімдеді. «Енді жасырудың қажеті жоқ», — деп бірін-бірі оқырман алдында таныстырған Сәкен мен Julie бұдан былай жасырынып жүруден аулақ. Еске салсақ, Айжұлдыз мамыр айында желіге сүйіктісінің силуэтін салып, құпия ұстағысы келген болатын. Алайда фолловерлер аз ғана уақытта Кагаровты қолындағы тыртығынан танып қойды.

Бүгінде ғашықтар Грекия елінің Крит қаласында демалып, ерекше контент ұсынып жүр.


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @aizhuldyz_adaibekova @saken_kagarov

Поделиться: