Көптеген атақты адамдар жеке өмірлерін барынша құпия ұстауға тырысады. Сол себепті оларда бірнеше бала барын немесе ата-ана атанғандарына көп жылдар болғанын білсек, қатты таңғаламыз. Мысалы, рэпер Nelly мен әнші Ашанти таяуда ғана сәби күтіп жүргендері жайлы жариялады. Бірақ тек нағыз жанкүйерлері ғана әншінің 30 жастағы қызы бар екенінен хабардар. Айта кетейік, кейбір жұлдыздардың ересек балалары шоу-бизнес саласында жұмыс істесе де, танымалдар олар туралы ашық айтуды жөн көрмейді. Біз сыр сандықта сақталатын құпиялар туралы осы материалда баяндаймыз.
Nelly

Фото. Shutterstock. Автор. s_bukley
Мысалы, Nelly мен оның қалыңдығы қазір бірінші ортақ баласын күтіп жүр. Дегенмен музыкант бұған дейін де көпбалалы әке ретінде танылған. Қазір оның 30 жастағы қызы Шенель, 25 жастағы ұлы Корнел Хейнс III және 2005 жылы әпкесі қайтыс болған соң асырап алған екі жиені — Шон мен Сидни бар. Айта кетейік, Nelly бар болғаны 49 жаста.
Том Круз және Николь Кидман


Некелі болған сәтінде Том мен Николь екі баланы асырап алған. Қазір Коннорға 28, ал Изабельге 31 жас. Ұлы 13 жасында алғаш рет «Жеті фунт» фильмінде рөл сомдап, кино әлеміне қадам басқан.
Вигго Мортенсен


«Сақиналар әміршісі» фильмінің жұлдызы 36 жылдан бері әке. Оның жалғыз ұлы Генри кейде ет жақынымен бірге премьераларға және марапаттау кештеріне қатысады. Генридің де жолы кино саласымен байланысты: ол — актер әрі сценарист.
Антонио Бандерас және Мелани Гриффит


Мелани Гриффиттің қызы Дакота Джонсон ғана емес, одан бөлек ұлы Александр да бар — қазір ол 38 жаста. Сондай-ақ, актрисаның Антонио Бандерастан туған қызы Стелла да бар. Қазір ол 27-де, бірақ шоу-бизнес әлемінен алшақ өмір сүруде.
Дензел Вашингтон


Дензел мен оның ұлы Джон Дэвидті көп жағдайда бірге көре бермейміз. Алайда актер тек фамилиясымен ғана емес, әйгілі әкесінің талантымен де мақтана алады. Оның ең жарқын рөлі — «Довод» және «Қара клановец» фильмдерінде.
Джейми Ли Кертис

Фото. Shutterstock. Автор. Kathy Hutchins
Оскар иегерінің асырап алған екі қызы бар. Олардың бірі — Энни Гест. Ол бүгінде 37 жаста. Жақында ғана Энни кино саласында алғашқы қадамын жасап, әкесі – режиссер әрі сценарист Кристофер Гестке ассистент болды. Оның сіңлісі Руби қазір 28 жаста.
Уилл Смит

Фото. Shutterstock. Автор. Tinseltown
Әрине, Уилл Смиттің кіші балалары — Уиллоу мен Джейден — музыка индустриясында танымал әрі сұраныстағы жұлдызға айналды. Бірақ көпшілік актердің бірінші әйелі Шири Зампиномен некесінен туған ұлы Трейді ұмытып жатады. Қазір ол 32 жасқа жақындап қалды. Ол да басқа жұлдыздардың балалары сияқты актерлікпен және модель болумен айналысып, тәжірибе жинап көрген.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Shutterstock. Авторы. Featureflash Photo Agency, DFree, Ovidiu Hrubaru.