Ерке Есмаханның тұрмысқа шыққанына 1 жылдан асса да әнші әлі күнге дейін күйеуінен мәһрге не сұрағанын айтпаған еді. Эстрада жұлдызын инстаграм парақшасында фолловерлері қолқалап қоймаған соң ол күйеуіне қандай талап қойғанын мойындады.

Айта кетейік, мәһр – әйел затының неке қияр алдында күйеуінен талап етуге құқылы шариғат белгілеген ақысы.

Ерке Есмахан мұсылмандық неке қиған сәтте күйеуінен ақ тұлпар сұраған екен. Алайда әншіге жолдасы RaiM оның ақшасын берген.

«Мәһр деген тренд пе қазір? Жолдасымның жылқылары болғасын, ақ тұлпар сұрағанмын. Ақшасын берді», — дейді Ерке.

Еске салсақ, нарықта жылқының бағасы арзан емес. Мәселен, асылтұқымды құлынның орташа бағасы – 3 мың доллар. Ал бір үйір айғырлар кем дегенде 8 миллионге бағаланады.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @erke_esmahan

Поделиться: