«Елді таңдап қойдық»: Ерке Есмахан мен RaiM өзге мемлекетке түбегейлі көшпек пе?

11 октября 2023

Ерке Есмахан мен RaiM шетелге көшетіндерін мәлімдеді. Дәл осы жаңалықты Ерке өзінің инстаграм парақшасында бөлісті. Жұлдызды жұп алғашында Алматыдан жер алмақ болған, алайда ғашықтар ойлана келе өзге мемлекеттен өздеріне баспана қарастыруды жөн көрген. Бұл жоспар уақытша дейді Ерке.

«Күйеуім жазда Алматыдан жер үй аламын деп, ол ойдан қайттық. Ақылдаса келе Қазақстанда бір үй бар, екінші үйді шетелден алайық деп шештік. Елді таңдап қойдық. Түбегейлі көшпесек  те, айлап тұратын боламыз. Алла бұйыртса, ол күн де алыс емес. Әзірге бар ойымыз кішкентайдың қамы. Аман-есен, босанып алайын», –деп бөлісті Ерке өзінің stories-ында.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @erke_esmahan

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше