«Ұйқың тәтті болсын, бөпешім»: Ерке Есмахан ұлын дәстүр бойынша бесікке бөледі!

15 января 2024

Ерке Есмаханнан момский блог! Таяуда ғана екінші мәрте ана атанған Ерке ұлын бесікке бөледі. Декреттік демалыста отыған әнші қазақтың салт-дәстүрі бойынша шаңырағында арнайы бесікке салу рәсімін жасап, оны инстаграм парақшасында бөлісті. RaiM-ның атұстарын киелі орынға жайғастыру өз әжесі мен нағашы апасына сеніп тапысырылған.

«Бүгін нәрестеге қатысты тағы бір әдемі дәстүр жасалды. Исламды бесікке салдық. Әжелері түбегін, шүмегін салып, бауын тартып, жабуын жауып, «тыштымасын» жасап, бәріміз бесік жырын айтып бір тойлап алдық. Аллаға шүкір! Ұйқың тәтті болсын, бөпешім!» , - деп Ерке инстаграм парақшасына арнайы пост салды.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @erke_esmahan

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше