«Forever Sunday»: «KeshYOU» тобының әйгілі рэпер Snoop Dogg-пен бейнебаяны жарыққа шықты
«KeshYOU» тобының көптен күткен Snoop Dogg-пен дуэті жарық көрді. Баян Алагөзованың қыздары әйгілі рэпермен бірігіп Америка Құрама Штаттарында бейнебаян да таспалаған еді. Фит - «Forever Sunday» деп аталады. Домбыраның сүйемелдеуімен жазылған тректің әнін және сөзін жазған Мархаба Сәби. Клипте қыздар мен қазақша шапан киген Snoop Dogg-ты көре аласыз.
Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @keshyou_official