Гарри ханзаданың бұрынғы сүйіктісі көз жұмды. Британиядағы ең танымал реалити-шоулардың бірін жүргізген 40 жастағы ару Кэролайн Флэк өмірден өз еркімен қоштасты.

Гарри ханзаданың бұрынғы сүйіктісі өз-өзіне қол салды

Әзірге оқиғаның мән-жайы анық емес. БАҚ-та Кэролайнның телевизиядағы жұмысынан кеткеннен кейін күйзеліске түскені жайлы көп айтылуда. Бұған жігітінің оны зорлық көрсетті деп айыптауы себеп болды. Осылайша дау-жанжал басталды.

Желтоқсан айының басында марқұмды айыптаушы Льюис Бертон Кэролайнды өз өзіне қол салғалы жатқан жерінен құтқарып қалған. Льюис полицияға қоңырау шалып жатқанда Кэролайн торшермен ұрыпты. Жігіт өз айыптауларынан бас тартты, алайда сот 4 наурызға белгіленген болатын.

Ал 15 ақпан күні Кэролайн Флэк өз өзіне қол салды. Оның жанкүйерлері Кэролайн көп жыл бойы жүргізіп келген танымал «Махаббат аралы» реалити-шоуын жабуды талап етуде.

2009 жылы бірнеше ай бойы тележүргізуші Гарри ханзадамен кездесті. Ол ханзадамен сауық кештерінің бірінде танысқан. Алайда екеудің арақатынасы көпшілікке белгілі болған кезде ханзада Кэролайнмен арақатынасын үзуге бел буды.


Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Сурет. Instagram @carolineflack .

Поделиться: