Әли Оқапов жары Ақерке Бүркітбайға көлік сыйлады. Музыкант сүйіктісіне тосын сый жасап, қымбат маркалы темір тұлпар тарту еткенін көрсетіп, инстаграмда видео жүктеді.
«Мен сенің өз көлігіңді жақсы көретініңді білемін. Біз соны ауыстырайық деген ұсыныс жасағанда сен бас тарттың. Маған сенің көлігің ұнайды дедің. Сондықтан біз саған тосынсый жасап жатырмыз. Саған жаңа көлік сыйлаймыз. Зейін өсті, сондықтан Зейінді таситын көлік те өссін деген ниетпен жаңа Exceed-ті қабыл ал. Бұны біз баяғыдан жоспарлап жүргенбіз. Сен өткенде гонорарға менің көлігімді сұрағанда мен өзімді әрең ұстап отырдым. Бұл көлік сенікі болады дегенді айтқым келді. Ауызың дуалы, айтқаның келді», - деп Әли Оқапов тосын сыйдың қызықтарымен бөлісті.
Еске салсақ, Ақерке Бүркітбай бұған дейін күйеуі Әли Оқаповтың бейнебаянына түскен еді.
«Менің гонорарымды төледі. Алла тағала аузыма салып тұр екен. Маған осы көлікті бересің бе деген күні Әли маған оны сыйлайтынын білген екен. Әп-әдемі, менікі.», - деп Ақерке Бүркітбай қуанынышымен бөлісті.
Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @akerkeburkitbay