Қазақ рэпінің жұлдыздары Yenlik пен Shiza қайта бірігіп, тыңдармандарына ортақ фит ұсынды! Қос музыканттар I Can Believe атты трек жазып, туындыға бейнебаян таспалаған. Бірнеше күн бұрын жарық көрген композицияны Еңлік ағылшынша орындаса, ал рэпер Шиза өз куплетін әдеттегідей қазақ тілінде шырқаған.

R’n’B орындаушылар аталмыш трекке арналған жаңа клипті Õzen музыкалық лейблы мен Qamalladin Media Agency продакшнының көмегімен таспалаған. Ал, туындының режиссері Georgie Karakeshishyan.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram.

Поделиться: