Индира Еділбаева тұрмысқа шықты! Әнші неге бірнеше той жасамақ?

04 сентября 2023

Индира Еділбаева ақ келін атанды! Әнші әрі актриса күні кеше сүйіктісі Камалдин Камирдиновке тұрмысқа шықты. Еске сала кетейік, сері The Limba, Moreart, Liili сынды ТМД-ға танымал әртістердің менеджері болып жұмыс істейді.

Еуропалық стильде өткен той Инди мен Камалдиннің ет жақындарына ғана кішігірім форматта ұйымдастырылып отыр. Себебі, қос ғашық өнердегі және өмірдегі достарына арнап бөлек той жасамақ ниетте. Енді жас жұбайлар екінші мерекеге дайындықты бастап кетті.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @indi_edilbayeva

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше