«Ирина Кайратовна» тобының есімі әлемдік рейтингке енді. Жігіттердің «Чина» бейнебаяны әлем бойынша Youtube платформасындағы ең үздік клиптердің қатарына қосылды. Бұл жаһандық көрсеткіш.
Бейнебаян әлемдік топ чартта 98-ші орынға жайғасты. Аталмыш видеоклип екі айдың ішінде Youtube платформасында 34 млн қаралым жинап үлгерген. Айта кетейік, «Чина» - «Youtube Music Global Charts» топтамасына енген жалғыз қазаұстандық туынды. Осыған дейін ИК жарнамалық интергацияға толы бұл трегі TikTok-тағы «Ең көп тыңдалған ән» атанған еді.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @irinakairatovna