Дубайға аяқ асты аттанатындарынан The Limbaның әкесі мен анасы бейхабар болған. Ұшаққа отыруға санаулы сәттер қалғанда ғана әнші жол жүгін жинауларын өтінген. Мұхаметәлінің ата-анасы бұған дейін шетелге саяхаттамақ түгілі, әуе кемесіне  де табан тіреп көрмеген екен. Осындай тарту жасап, Біріккен Араб Әмірліктеріне барған соң, сыйлықтың «көккесі» күтіп тұрды. Бұл сапар ата-анасын сүйіктісімен таныстыру үшін арнайы ұйымдастырылған екен.

The Limb

Таяуда ғана топ-кондитер Полина Филимоноваға тұрмысқа шығуға ұсыныс білдірген музыкант, ерекше сәтті ет жақындарына ескертпестен дайындаған. Мұхаметәли Ахметжанов той алдындағы маңызды күнді инстаграм парақшасында оқырмандарымен бөлісіп отырды. Ал жұлдызды жұптың үлкен тойы қашан болары әзірге белгісіз.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram

Поделиться: