+1 отбасы мүшесі! Жәния Джуринская мен Данияр Хизметов екінші мәрте ата-ана атанбақ. Актриса қуанышты жаңалықты өзінің инстаграм парақшасында мәлімеді. Оқырмандарынан сүйінші сұрап, арнайы жазба қалдырған Жәния жүктілігін жоспарламағанын айтады.

«Бақытты отбасымызға тағы бір жан қосылмақ. Күтпеген жағдай болды. Бірақ біз сені күтеміз, жүрегім. Көңілді болары сөзсіз. Жаңалығымыз туралы екі апта бұрын біліп қойғандар, өзара келісім туралы ұмытпаймыз. Бірінші рет біліп тұрғандай таңғаласыңдар», – дейді Жәния өзінің инстаграм парақшасында.

Еске салсақ, Жәния Джуринская 2021 жылы бизнесмен Данияр Хизметовке тұрмысқа шыққан еді. Бүгінде жұп Софи есімді қыз тәрбиелеп отыр.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @djurinskaya Автор @kymbat_salikhova

Поделиться: