Жәния Джуринская мен Данияр Хизметов екінші мәрте ата-ана атанбақ. Таяуда ғана дәл осы жағымды жаңалықпен бөліскен жұлдызды жұп, енді сәбилерінің жынысын анықтады. Жәния мен Данияр  gender party форматын ерекше етіп таңдаған. Ол – этно стильде өтті. Яғни, ұлттық киім киіп қазақ үйде ет жақындарын жинап кішігірім шара ұйымдастырған. Болашақ бөбектің кім екені, қыз болса – сырға, ұл болса – асық салынған сандық арқылы белгілі болды. Ал оның ішінен асық шыққан. Сонымен, Жәния мен Даниярдың екінші баласы ұл.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @khizmetov

Поделиться: