Джастин Бибер Intentions әніне жаңа бейнебаян түсірді. Музыкалық видеодан әнші Quavo-ны да көруге болады. 

Роликте әйелдер мен балаларға дағдарыстан, күйзелістен шығуға көмектесетін ұйым – Лос-Анджелестегі Александрия үйінен шыққан үш қыз туралы баяндалады.

Джастин Бибер әйелдер жайлы жүректі тебірентер бейнебаян түсірді
Джастин Бибер Intentions әніне жаңа бейнебаян түсірді

Бейнебаян Бахри есімді қыздың сөзімен басталады. Сауд Арабиясында дүниеге келген ол өз отбасы мүшелері арасында бірінші болып колледж тәмамдамақшы. Ары қарай біз өзін асырап алған отбасында тәрбиеленген Марси есімді қызды көреміз. Ол өзі сияқты тумаған отбасында тәрбиеленген балаларға көмектескісі келеді. Бейнебаянда көрсетілетін келесі кейіпкер – Анжела. Бір кезде ол да үйсіз-күйсіз күн кешкен.

Джастин Бибер мен Quavo бейнебаянның басынан соңына дейін Бахридің, Марсидің және Анжеланың армандарын жүзеге асыруға көмектеседі.

Фото Youtube.com.

Поделиться: