Көп функциялы өнімдерді жақсы көретіндер үшін жағымды жаңалық — бьюти әлемінде SPF-қорғанысы бар көзге арналған кремдер пайда болды. Ультракүлгін сәулелерге қарсы күресте нәзік тері де басты назарда болуы керек, себебі ол да фотоқартаюға бейім. Кейбір брендтер дәл осы сезімтал аймаққа арнайы эмульсиялар шығарса, басқалары теріні құрғатпайтын және қалың қабат болып жатпайтын әмбебап кремдер мен стиктер жасап шығарды.
Мамандар минералды негіздегі құралдарды қолдануға кеңес береді — олар көзге түсіп кетсе де, шырышты қабықты ашытпайды. Дерматологтар сондай-ақ SPF көрсеткіші кемінде 30 болатын кең ауқымды қорғаныс құралдарын таңдауға кеңес береді және кез келген күннен қорғайтын кремді әр бірнеше сағат сайын жаңартып тұру қажет екенін ескертеді. Сізді сендіре алдық па? Онда назарларыңызға қазіргі таңда ең үздік SPF-қорғанысы бар көзге арналған кремдерді ұсынамыз.

Colorescience

CeraVe

Isdin

Soleil Toujours

The Seaweed Bath Co.

Supergoop!

Coola

RéVive

EltaMD
Harper’s BAZAAR US ұсынған мақаланың түпнұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыз.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Пресс-офисы марок.