Дұрыс ұйқы — сұлулық пен жақсы көңіл күйдің кепілі. Harper’s BAZAAR Kazakhstan редакторлары әдемі көрініп қана қоймай, өзін жақсы сезіну үшін қалай дұрыс ұйықтау керектігін анықтады.

Ұйықтап тұрғаннан соң, бастың ауырлығы мен беттің ісініп кетуі адамдарда жиі кездеседі. Осындай проблемларады мәңгілікке ұмыту үшін, сарапшылар мойындағы лимфа мен қанның ағуын ынталандыратын дұрыс жастықты таңдауға кеңес береді. Айтпақшы, жастықтың материалы мен пішіні шынымен маңызды емес, ең бастысы оның биіктігі иықтың кем дегенде жартысындай болуы керек.

Дұрыс ұйқы

Сонымен қатар, дәрігерлер ұйқының ұзақтығы терінің сұлулығы мен жастығын сақтауда маңызды рөл атқаратынын атап өтеді. Өйткені, ұйықының қанбауы барлық метаболикалық процестердің гормоналды реттелуіне әсер етеді. Сондықтан кем дегенде жеті, ал ең дұрысы тоғыз сағат ұйықтау қажет.

Сондай-ақ, сарапшылар ұйықтар алдында ешқандай сусындарды ішпеу керектігін ескертеді. Тағы беттің терісі дем алуы үшін жатар алдында бет күтіміне қажетті өнімдерді қолданбаған абзал. Яғни, сұлулық пен жастықты сақтау үшін көзіңіздің астына патчтарды жапсырып алып ұйықтау, керісінше зардабын тигізеді екен. 


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Shutterstock.

Поделиться: