«Кампустан тыс» жұлдыздары Элла Брайт пен Белмонт Камели арасында жанжал болғаны рас па?
Фото. Getty Images. Авторы. Theo Wargo.

«Кампустан тыс» жұлдыздары Элла Брайт пен Белмонт Камели арасында жанжал болғаны рас па?

09 сентября 2026

«Кампустан тыс» жанкүйерлері Элла Брайт пен Белмонт Камелидің арасы суып кетті деп топшылауда. Мұндай күдік актер әлеуметтік желідегі парақшасын ретке келтіріп, экрандағы жас серіктесімен бірге түскен жылы кадрларды кенеттен архивке жібергеннен кейін пайда болды. Алайда US Magazine мәліметінше, бұл оқиғаның астарында жасырын араздық та, құпия роман да жоқ.

Түрлі болжамдарға нүкте қою үшін актерлер ең тиімді жолды таңдады: екінші маусымның түсірілім алаңынан бірге видео жариялады. Жаңа секс-символ көрерменге олардың экрандағы жұбына деген зор қызығушылығы үшін шын жүректен алғыс айтты. Ал әріптесі жымиып, жобаның жалғасы күткен әр минутқа татитынын меңзеді.

@offcampusonprime

Ella Bright and Belmont Cameli send kisses from the set of Off Campus.

♬ original sound - Off Campus

Дегенмен камера сыртындағы олардың қарым-қатынасы жанкүйерлер ойлағаннан әлдеқайда қарапайым. Бұған дейін Элла Брайт та көпшіліктің романтикалық болжамдарына әзілмен жауап беріп, Белмонтты көңіл қосатын адамнан гөрі қамқор аға ретінде қабылдайтынын айтқан еді. Оның үстіне Белмонттың жүрегі бос емес. Актер сценарист Райна Морриспен қарым-қатынаста. Ал Элланың өзі оны жылы ықыласпен «жердегі періштем» деп атайды. Сондықтан жанкүйерлер болжаған махаббат үштағаны туралы әңгімеге де негіз жоқ.


Авторы. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше