Биыл Канн кинофестивалі 79-рет ұйымдастырылды. Мамыр айының ортасы мен соңында Лазур жағалауы әлемге танымал шоу-бизнес жұлдыздарының басты сән алаңына айналатынына бәріміз де үйреніп қалдық. Өткен жылы фестиваль ұйымдастырушылары dress code-қа жаңа ереже енгізіп, «ашық-шашық әрі жалаңаш» образдарға тыйым салған еді. Бірақ бұл өзгеріс фэшн мамандар мен жұлдыздардың қиялына кедергі болмаған секілді. Harper’s BAZAAR Kazakhstan кинофестивальдің алғашқы күндеріндегі ең жарқын әрі сәнді образдарды жинақтады.
Деми Мур сән әлеміндегі ықпалын күн өткен сайын күшейтіп келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді. Актриса Jacquemus көйлегі мен Chopard әшекейлерімен қызыл кілемде ерекше жарқырады.
Ал оның Jacquemus-тың 2026 жылғы күз-қыс топтамасынан таңдалған бюстье-образы әлеуметтік желіде бірден вирусқа айналды.
Рут Негга жалбыз түстес атластан тігілген Dior-дың арнайы көйлегін және минималистік Chopard зергерлік бұйымдарын таңдаған.
«Эмили Парижде» сериалының жұлдызы Филиппин Леруа-Болье Saint Laurent сән үйінің адал жанкүйеріне айналғаны бұрыннан белгілі. Брендтің көктем-жаз топтамасындағы көйлек актрисаның үстінде айрықша әсерлі көрінді. Ал образды Pomellato әшекейлері толықтырған.
«Gossip Girl» сериалының ең сәнді анасы атанған Келли Разерфорд Канн кинофестиваліне Giorgio Armani образымен келді.
Formula 1 жүргізушісі Шарль Леклердің жары Александра қызыл кілем үшін Paolo Sebastian көйлегі мен Messika әшекейлерін таңдаса, Ferrari командасының пилоты Giorgio Armani смокингін киді.
Луи Гаррель дәстүрлі француздық еркін стильден айнымаған. Оның Dior-дың total black образындағы келбеті ерекше назар аудартты.
Алия Бхатт Канн кинофестивалінің тұрақты қонақтарының бірі. Бұл жолы үнді жұлдызы Tamara Ralph бренді тіккен арнайы көйлекті таңдаған.
Америкалық актриса Майка Монро Ashi Studio образы мен Pasquale Bruni әшекейлерінің арқасында қызыл кілемде көз тартты.
Бельгиялық режиссер Лаура Вандел қызыл кілемге Dior көйлегімен шықты. Образды Джонатан Андерсонға тән гүл жапырақтарына ұқсас детальдар арқылы бірден тануға болады.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан.