Карина Оксукпаева инстаграм парақшасындағы бір күндік контенін туған әкесіне арнады. Блогер талай жыл араласпаған асқар тауымен арнайы кездесіп, тренд түсірген. Бала күнгі сәттерін фотосурет арқылы қайталаған Каринаға оқырмандары әкесінің бар екенін білмегендерін жарыса жазды. Оксукпаева оған себеп, ет жақынымен тығыз қарым-қатынаста болмағаным үшін дейді. Тіпті желі жұлдызы не үшін екенін былай деп түсіндірді:
«Әкемізді, анамызды қабылдамаймын деген шешімімізбен қоса біз өмірге келгенімізді де жоққа шығарамыз. Оларды қабылдамай біз өзімізді үлкен бір әулеттің қолдауынан айырамыз. Негізі иә, біз көп араласпадық. Үнемі қалай дұрыс өмір сүру керектігін мен білемін, ал әкем білмейді деп санап келдім. Менің қолым жетіп тұрған білімге әкемнің мүмкіндігі жоқ екенін ұмыт қалдырдым деуге болады.»
Карина туған әкесін отбасымен жақында ғана таныстырған. Блогердің жастайынан жақынына реніші болып, анасымен ажырасқан сәттен бастап біраз уақыт араласпай қойған.


Фото: Instagram @oksukpaevak
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @oksukpaevak