Жанар Дұғалованың инстаграм парақшасына салған соңғы фотосы оқырмандар арасында қызу талқыға түсті. Әнші сахнаға арналған образын желіге жүктеген еді. Жанардың киген киімі ұзын көйлек болса да, аяғы ашық болғаны үшін фолловерлер керағар пікір жазған.

«Келін деген атқа сай болу керек сияқты» , «Күйеуіңіз қарсы болмай ма?», — деп Жанардың фанаттары әншіні сұрақтың астына алған. Десе де, өнер иесінің мінсіз мүсіні жанкүйерлерін бейжай қалдырмады. Дұғалованың сұлулығы көпшілікті тәнті етіп жүргені жасырын емес.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @zhanar_dugalova

Поделиться: