Қазақ киносының сүйікті актері, миллиондаған көрерменді өнерімен баураған Аян Өтепберген алғаш рет әке атанды! Қуанышты жаңалықпен актер Instagram парақшасында бөлісіп, жанкүйерлерінен сүйінші сұрады.
«Сүйінші! Жаратушының қалауымен кесте тігер арудың әкесі атандым», – деп жазды Аян өзінің stories-ында.

Фото. Instagram Stories @otepbergen_ayan
Аян Өтепберген 2023 жылдың желтоқсан айында сүйіктісімен ресми түрде шаңырақ көтерген болатын. Оның жары – сән әлемінде өзіндік орны бар стилист әрі арт-директор Ауржан. Жұптың үйлену тойы Ақтөбе қаласында, құпия өткен болатын.
Қазіргі таңда жаңа туған нәресте туралы толық мәлімет жарияланған жоқ. Алайда Аянның «кесте тігер ару» деген сөзі сәбидің қыз екенін білдіреді деп болжауға болады.
Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото: Instagram @otepbergen_ayan