Ким Кардашьян өзінің Калабасастағы баспанасын сатып жатыр. Жылжымайтын мүлікті жұлдыз ұзақ уақыт бойы кеңсе ретінде пайдаланғанына қарамастан, ондағы жайлы атмосфера сақталған. Бағасы-3 500 000$.

Пәтердің дизайны табиғи әрлеу материалдарын қолдана отырып, бейтарап құм реңктерінде жасалған. Сондай-ақ, үш бөлменің әрқайсысы жеке ванна бөлмесімен жабдықталған. Ким Кардашьянның жаңа технологияларға жаны құмар екенін ескерсек, үйдегі техниканың қандай екендігін бағамдай беріңіз.




Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram. @kimkardashian