Қазақстандық fashion индустрия өзінің ауқымын ұлғайтты. Енді дін жолында жүрген қыз-келіншектерге арналған арнайы платформа бар. Мәселен, Алматыда күні кеше алғаш рет Kiswah Fashion Shows ұйымдастырылды. Сән көрсетілімі нәзік жандыларға арналған қарапайым киімнің сұлулығы мен әсемдігін көрсетеді.
HAMU
HAMU топтамасы бір-біріне қарама-қайшы болып көрінетін екі ұғымның – дәстүр мен қазіргі заманның, өткен мен болашақтың түйіскен жерінде жүзеге асқан. Оңтүстік Кореядан арнайы келген дизайнер Ли Джин Хи дәстүрлі элементтерді батыл өрнектермен үйлестіруге тырысты, сондай-ақ, маманның талғампаз дизайны гендерге тәуелсіз және еркіндік пен сұлулыққа ұмтылатынын байқауға болады.
INCLOVER
INCLOVER стиль мен жайлылықты іздейтін заманауи әйелге арнап жаңа топтама дайындады. Бұл оның сәнге деген сұранысын қанағаттандырып қана қоймайды, сонымен қатар оның мінезі мен рухани құндылықтарын көрсетеді, өйткені бүгінде әйел тек жар немесе ана ғана емес, ол білім, қайырымдылық, саясат және т.б. салаларда маңызға ие күш.
ARAPKHANOVI
Апалы-сіңлілі Арапхановалар «Жан жапырағы» атты жаңа топтаманың тұсауын кесті. Онда желбіреп тұратын жеңіл маталардан тігілген силуэтті көйлектер, костюмдер мен шарфтар бар. Сондай-ақ киімдерден бренд үшін ерекше болып саналатын көгілдір кестелі апельсин гүлінің қауызы бейнеленген авторлық көк принттерді көре аласыз.
KISVA
KISVA — өзіндік бағасы бар сән үлгісі, мұсылмандық сенім канондары бойынша тігілген әйелдер киімінің қазақстандық бренді. Барлық KISVA өнімдері жібек, жүн және органикалық мақтадан жасалған маталармен қолмен тігілген. Өзін-өзі қамтамасыз ететін сән үлгісі, мұсылмандық сенім канондары бойынша тігілген әйелдер киімінің қазақстандық бренді.
KISVA топтамасының негізгі идеясы — сән арқылы мәдениеттің эволюциясын зерттеу және бейнелеу. Бұл киім қазақстандықтардың өткенін, бүгінін және болашағын бір арнаға байланыстыратын, сонымен қатар қазіргі заманғы үрдістердің мәдениетімізге әсерін көрсететін уақытқа саяхат.
SAADI & SUZANI
Диора Усманованың SAADI және Мадина Қасымбаеваның SUZANI брендінің ынтымақтастығы — өзбек мәдениетінің жарқын көрінісі. Жаңа топтамада ұлттық нақыш пен сән трендтері бар, әр бұйым өзбек кестелерінің әртүрлі әдістерін қолданып қолмен жасалған.
Kiswah Fashion Shows әртүрлі тәжірибесі бар дизайнерлер мен модельдерге сұлулық пен стиль туралы көзқарастарын бөлісу үшін бірегей нетворкинг-платформа құруға тырысады. Модельдер барлығына қол жетімді сәнді киімдерді көрсетеді және қарапайымдылық пен талғампаздықтың даралық және өзін-өзі көрсетумен үйлесетінін көрсетеді.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @kiswah_fashion_shows. Автор @epov_