Коронавирустың пайда болатынын болжаған кино бар. Көптеген интернет-қолданушылар енді осындай пікірде. 2011 жылы шыққан режиссер Стивен Содербергтің «Заражение» туындысы қазір интернетте ең көп қаралып жатқан киноға айналды. Оған себеп – фильмде Қытайдан бастау алып, бүкіл әлемге тарайтын бір вирус жөнінде баяндалады.

Коронавирусты болжаған фильм көрілім жағынан рекорд орнатуда

Осыған ұқсас ситуация дәл қазір коронавирус пандемиясына байланысты айналамызда орын алып жатыр. 9 жыл бұрын «Заражение» туындысы Гвинет Пэлтроу, Мэтт Деймон, Кейт Уинслет, Джуд Лоу және Марион Котийяр сияқты жұлдызды құрамына қарамастан, үлкен жетістікке жетпеген болатын. «Көп ұзамай ауру бүкіл жер бетіне тарайды» дегенге саятын картина өзінің жұлдызды сәтін күткен секілді. Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, Warner Bros компаниясы «Заражение» туындысының ең сұранысқа ие фильмге айналғанын мәлімдеді. Әлемдік желідегі көрілімі жағынан тек Гарри Поттер туралы туындылар топтамасы ғана озып тұр. Туынды сондай-ақ Amazon Prime мен iTunes-тің трендіне шыққан.


Harper’s BAZAAR Kazakhstan.

Поделиться: