Коронавирус қазір бүкіл жер бетін үрейде ұстап отыр. Белгілі болғандай, мұндай вирустың таралатынын көп жыл бұрын болжаған екен. Жақын күндерде Ким Кардашьян өз жазылушыларымен экстрасенс Сильвия Браунның кітабының үзіндісімен бөлісті. Онда қауіпті инфекцияның пайда болатыны туралы айтылады. Айтқандай, аталмыш кітап 2008 жылы басып шығарылған.

Үзіндіде «Шамамен 2020 жылы бүкіл жер бетіне өкпе мен бронхты зақымдайтын, емнің барлық белгілі әдіс-тәсілдеріне көнбейтін, ауыр, пневмонияға ұқсас ауру таралады. Бір қиыны аурудың өзі қалай тез пайда болса, солай күтпеген жерден жойылады, алайда араға 10 жыл салып, адамзатқа қайтадан шабуылдайды, содан соң толықтай жойылады» делінген.

Кейбіреулер мұны марқұм болып кеткен экстрасенс Сильвия Браунның хабарламасы десе, басқалары мұны Дин Кунцтың 1981 жылғы «Түнектің көздері» атты романынан үзінді деседі. Онда «Ухань-400» деп аталатын биологиялық қару туралы айтылады. Естеріңізге сала кетейік, коронавирустың ошағы Қытайдың Ухань қаласында пайда болды.

коронавирус

Бұл сәйкестікті байқаған оқырмандардың дереу кітапқа қызығушылығы ауды. Дәл қазір туынды шығарылғаннан кейін араға 39 жыл салып, бестселлерлер тізіміне енді.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Shutterstock.

Поделиться: