Мұның барлығы күйзелістің айқын белгілері. Күйзеліс тек жұмысқа ғана қатысты емес. Ол қарым-қатынасқа, қаржылық қиындықтарға, денсаулыққа байланысты түйткілдерге қатысты орын алуы мүмкін. Кейде осы жайттардың барлығы бірігіп, аталмыш дертке әкеп жатады. Бүгінгі таңда күйзеліске әкеп соғатын себептерді елемеу үйреншікті жайтқа айналған. Алайда оның соңы эмоционалдық және физикалық саулыққа теріс әсер етеді.

Психикалық денсаулық қорының жақында жүргізген зерттеуіне сәйкес, өткен жылы адамдардың 74% өздерін жайсыз сезініп, еңселері түскен. Эмоционалдық денсаулық жөніндегі сарапшы  Тим Хипгрейв күйзелістің басты белгілерін бөліп көрсетті.

«Ғасыр дерті» күйзелістің 10 белгісі

Шаршаңқылық

Күйзеліс денеңізге физиологиялық әсер етіп, жүрек қағысы мен тынысты үдететін гормондар бөледі. Мұндай салмақ ағзаны титықтатады. Ауыр жағдайларда күйзеліс ұйқысыздықты туғызады. Мәселе мынада, проблемалар ұдайы ойыңыздан кетпей, миыңыз шешім табуға тырысады, салдарынан ұйқы қашады.

Бруксизм

Тісті шықырлату немесе бруксизм – эмоционалдық тұрақсыздық пен жүйкеге шамадан тыс салмақ салудың белгісі. Бруксизм салдарынан тісіңіз бүлінуі мүмкін, сондықтан үрей сезімін басуға тырысыңыз.

Бас ауруы

Көбінесе бас аурулары жүйкеге артық салмақ түсірумен байланысты. Ол 30 минуттан бірнеше сағатқа дейін созылып, мойын мен иыққа ауырсыну әкелуі мүмкін.

«Ғасыр дерті» күйзелістің 10 белгісі

Тітіркену

Зорығу көңіл-күйдің күрт өзгеруіне ықпал етеді, оны бақылау қиын. Біз күйзеліс күйінде тұрғанда жүйке жүйеміз аса сезімтал келеді, бұл бізді одан сайын ашушаң етеді.

Жылағың келу

Кейбір жандарды күйзеліс эмоционалдық реакцияларға әкеледі. Жылау – күйзеліс туғызатын күй ғана емес, ол сондай-ақ қиын кезеңнен өтуге көмектеседі. Жаспен бірге күйзеліс гормондары сыртқа шығады. Сондықтан, жылап тұруға болады. Жеңілдеп қаласыз.

«Ғасыр дерті» күйзелістің 10 белгісі

Либидоның төмендеуі

Адамның либидосы дұрыс жұмыс жасауы үшін неврологиялық бұзылуларсыз гормоналдық баланс болуы тиіс. Күйзеліс кезінде кортизол гормоны жыныстық құмарлықтың басылып қалуына әкеп соғады.

Зиянды ас

Күйзеліс кезінде көпшілік артық тамақтанудан немесе зиянды асты жеуге деген құштарлықтан зардап шегіп жатады. Уақытша қиындықтарды бастан өткерген адамдардың тәбеті жоғалып кетуі мүмкін. Алайда сізде күйзелістің созылмалы түрі болса, сіз тәтті және ұннан әзірленген өнімдерге үйір боласыз.

Әлеуметтік оқшаулану

Әркімнің өмірінде жалғыз өзі қалғысы келетін кезең болады. Алайда сіздің оқшаулануға деген құштарлығыңыз ұзаққа созылып кетсе, бұл күйзелістің айқын белгісі. Сыртқы әлемнен алыстау – кәдімгі табиғи құбылыс, алайда бұл сіздің әлеуметтік өміріңізге кері әсерін тигізуі мүмкін.

«Ғасыр дерті» күйзелістің 10 белгісі

Иммунитеттің төмендеуі

Күйзеліс жалпы денсаулық жағдайына теріс әсер етеді. Ұзақ уақытқа созылса, кортизол гормоны иммунитетті төмен тастап жіберуі мүмкін. Бұл кезеңде адамдарға тез салқын тиіп, басқа  да ауруларға тез шалдығады.

Үрей сезімі

Зорығып кеткенде кезде жүрек жиырылысының жиілігі артады, бұл үрей туғызады. Сіз демігіп, ауамен жиі тыныстағаннан қобалжуыңыз мүмкін. Мұндай жағдайда тыныс алуды баяулатып, өзіңізді тыныштандырыңыз.

Күйзелісті қалай жеңеміз 

Күйзелістің белгілерін білу бір бөлек, алайда оны қалай еңсеруді білу маңызды. Егер сіздің бойыңыздан жоғарыдағы факторлардың кемінде бірі байқалса, көмекке жүгінгеніңіз жөн. Өзіңізге жақын адаммен сөйлесіп көріңіз, жағдайға басқаша көзқараспен қарап, маманға жүгініңіз.

«Ғасыр дерті» күйзелістің 10 белгісі

Harper’s BAZAAR Kazakhstan.

Поделиться: