Беделді клубтардан, қонақүйлерден, мейрамханалар мен тіпті елдерден қуылған жұлдыздар бүгін біздің тізімде. Иә, олардың әрдайым ақ дегені алғыс бола бермейді. Мейрамханадан бастап, қонақүйге дейін, тіпті тұтас елдерге кіруге тыйым салынған жұлдыздар бар. Оған себеп – бірде олар артық кетті.

Иә, жұлдыздар жайлы дау-жанжалдарды оқыған бәріне ұнайды. Алайда кей жанжалдар жұлдыздардың беделін түсіріп жатады. Ондай мысалдарды көптеп білеміз. Кей орындар өз аумағына белгілі бір атақтыны кіргізгісі келмесе, кейбіреуінің алдында тұтас елдердің қақпалары жабылды.

Қарапайым келушілермен қатар атақтыларды да түнгі 2-де ереже бұзғаны үшін бардан қуып шығуы мүмкін. Айырмашылығы сол: мұндай кезде бұл жағдай туралы бүкіл әлемге жар салуға даяр ондаған журналистер табыла кетеді.

Мұндай жайттардың бірі талас тудырса, енді бірі басты қатырады, ал енді біреулері біртүрлі келеді – біз жұлдыздардың қуылуы туралы ең қызықты оқиғаларды жинадық.

Ариана Гранде

Ариана Грандеге  Калифорния штатының Эльсинор көліндегі Wolfee Donuts-қа оралуға тыйым салынған. Dubbed Donutgate-де поп-жұлдыз камера объективіне түсіп қалған. Тәтті бәліштерге тілін тигізіп, «Американы жек көрем» деген. Бұл көрініс БАҚ-та пайда болғаннан соң Гранде бүкіл Америкаға  жаман атты болды. Ал Wolfee Donuts желісі әншіге қарсы айып тағатыны жөнінде мәлімдеме жасады.

Әдепсіз қылықтары үшін қуылған жұлдыздар

Чарли Шин

«Жолбарыстың қанын» сімірген, ешкі сүтінің емдік қасиетін жақтаушы Чарли Шин өз бөлмесінің астаң-кестеңін шығарғаннан кейін Нью-Йорктегі Plaza қонақүйінен шығарылып жіберді. Денесін жалаңаштап, есірткіге масайған Шин жан-жағының тас-талқанын шығарған. Ал оның қасындағы порножұлдыз көңілдесі жуынатын бөлмеге жасырынған. Бұл іске полиция араласып, Шиннан бұл қонақүйге енді мүлдем қонақтамауды «өтініпті».

Әдепсіз қылықтары үшін қуылған жұлдыздар
Әдепсіз қылықтары үшін қуылған жұлдыздар. Чарли Шин көп адамның жүйкесін тоздырды

Линдси Лохан

Бұл қыз қандай даудың ортасынан табылмады десеңізші. Оның ішінде жұлдызды есеп айырыспағаны үшін Шато Мармоннан (Батыс Голливудтағы ең қымбат қонақүй) қуып шыққан. Лило дауды шештім дейді. Алайда дәл сол мезеттегі жұлдыздың қонақүй алдындағы қарызы $ 46 350,04 құрапты. Лоханға тағылған айыптың алып тасталғаны не қонақүйдің жұлдызға қатысты жібігені белгісіз. Алайда актриса соңғы жылдары аталмыш қонақүйден көрінбепті.

Әдепсіз қылықтары үшін қуылған жұлдыздар

Мадонна

«Құлдықтағы 12 жыл» фильмінің көрсетілімі кезінде Мадонна өзін кинотеатрда отыру әдебін бұзуға құқылымын деп санап, жанжал туғызыпты. Ал кинематографист достары доғаруын өтінгенде, жұлдыз әлгілерге тұра ұмтылған.

Мадонна өзінің жұмысбастылығын көлденең тартып, телефонмен смс жазуын тоқтатпаған. Мадоннаға кинозалда телефон пайдалануға болмайтынын ескерткенде, жұлдыз шу шығарған. Нәтижесінде, жұлдыздан Техастағы Аламо драма үйіндегі көрсетілімнен шығуып кетуін және қайтып аяқ баспауын өтінген.

Әдепсіз қылықтары үшін қуылған жұлдыздар
Әдепсіз қылықтары үшін қуылған жұлдыздар. Мадонна жиі ережелерге бағынбайды

Майли Сайрус

Майли Сайрусқа Доминикана Республикасында тыйым салған. Доминикана билігі оның  Bangerz World Tour-дағы өнер көрсетуін тым ашық-шашық деп тапқан. Бұған таңғалуға да болмайды. 2009 жылы Сайрусқа Қытайда тыйым салынған болатын. Ол кезде жұлдыз достарымен бірге қысықкөзділерді мазақ етіп түскен суретімен бөліскен. Суретте Сайрус пен оның достары көздерін қитарлатуға тырысады. Майлидің кешірім сұрағанына және «жәй қисалаңдағанын» айтып, ақталғанына қарамастан, Қытай америкалықтың мұндай әдепсіздігіне әрі қарай көнгісі жоқтығын байқатты.

Әдепсіз қылықтары үшін қуылған жұлдыздар
@ mileycyrus

Пэрис Хилтон

Танымал сылқым әрі кокаин тұтынушы Пэрис Хилтон да Wynn қонақүйінде (Лас-Вегас) ыңғайсыз жағдайда қалды. Үлкен дәулеттің мұрагерінің сөмкесінен ақ ұнтақ табылған. Осыдан кейін Wynn Хилтонға өз аумағына кіруге тыйым салған. Осы жайттың салдарынан Пэриске Жапонияға да кіруге тыйым салынды. Токиоға баспасөз турымен ұшып келген Хилтонды иммиграциялық қызмет өкілдері елге кіргізуден бас тартқан. Империяның атақты мұрагері Хилтон жеке ұшағын кері қайтуға мәжбүр болды.

Әдепсіз қылықтары үшін қуылған жұлдыздар

Блейк Лавли

Абырой болғанда, Диснейдің директорлар кеңесі оны баяғыда кешірді. Алайда бір кезде актриса Блейк Лайвлиді Жер бетіндегі ең бақытты мекеннен қуып жіберген. Жасөспірім кезінде Лайвли Диснейлендке тегін кірмекші болған жерінен қолға түсті. Актрисаны бір жылға аталмыш паркке кіру мүмкіндігінен айырған. Алайда ол қателігін баяғыда мойындап, қазір ақысын төлеп кіреді.

Әдепсіз қылықтары үшін қуылған жұлдыздар

Бред Питт

 «Тибеттегі жеті жыл» фильмінің түсірілімінен кейін Брэд Питтке Қытайға кіруге тыйым салынды. Онда ол Далай-ламаның досын ойнады. Питтің елге кіруіне тыйым салынғаннан кейін араға көптеген жылдар салып, Питт қайтадан Шанхайға ат басын бұрды. Ол кезде актер Анджленина Джолидің «Плохой» фильміне арналған баспасөз турында әйелі мен балаларымен бірге келді.   

Әдепсіз қылықтары үшін қуылған жұлдыздар
фото IMDb

Селена Гомес

Қытай жаусыз өмір сүре алмайтын сияқты. Питтен кейін оларда тағы бір танымал дұшпан пайда болды. Поп-жұлдыз Селена Гомеске Далай-ламамен суретін жариялағаннан соң Аспан асты елінің аумағында өнер көрсетуге және елге табан тигізуге тыйым салған. Оған «Қайта өрлеу» турының аясындағы Шанхай мен Гуанчжоуда өтуі тиіс болған концерттерінен бас тартуға тура келді.

Әдепсіз қылықтары үшін қуылған жұлдыздар
@ selenagomez

Harper’s BAZAAR Kazakhstan.

Поделиться: