Жеке өмірдегі айқай-шулы өзара айыптаулар мен эмоционалды қақтығыстар қашанда көпшіліктің назарын өзінде аудартады. Дәл сол себепті жанжалмен ажырасқан жұлдыздар әлі күнге дейін ел аузында жүр. Біз бүгін сондай оқиғаларды еске саламыз.
Брэд Питт пен Анджелина Джоли

Фото. Getty Images. Автор. John Sciulli.
Көпшілік Анджелина мен Брэдтің махаббатына қызыға қарады. Жанкүйерлер олардың бірге түскен фильмдеріне тәнті болып, ғаламтор жұптың ерекше суреттеріне толы еді. Алайда 2016 жылы актерлер ажырасуға шешім қабылдады. Джолидің айтуынша, басты себептердің бірі — бұрынғы күйеуінің ұшақтағы агрессивті әрекеті. Ол тіпті мас күйде балалардың көзінше айқайлап, шектен шыққан көрінеді. Бұдан кейін қос жұлдыз жеті жыл бойы балаларына қатысты қамқорлық және Франциядағы Chateau Miraval шарап зауытына байланысты сот істерін шешумен болды. Ресми түрде 2023 жылы ажырасты.
Бен Аффлек пен Дженнифер Гарнер

Фото. Getty Images. Автор. Christopher Polk.
Желілерде Беннің бала күтушісімен көңіл қосқаны ажырасуға себеп болды деген қауесет тараған болатын. Алайда бұл ақпаратты кейін екеуі де жоққа шығарды. Сонымен қатар, көпшілік актердің ішімдікке тәуелділігіне байланысты қарым-қатынастың бұзылуы бек мүмкін деп болжады. Бірақ Аффлек бұл туралы мүлде бөлек өз ойын білдірді. "Ол егерде сол некеде қалған болсам, ішуді жалғастырар едім" деп мәлімдеді. Себебі тек солай ғана жүйкесін тыныштандыра алған көрінеді.
Джонни Депп пен Эмбер Херд

Фото. Getty Images. Автор. Jason Merritt.
Кейбір жұлдыздардың ажырасуы соншалықты ауқымды жанжалмен орын алғаны, тіпті бүкіл әлем шулады. 2016 жылы Эмбер Херд Джонни Деппке қарсы сотқа арыз беріп, оны отбасылық зорлық-зомбылық көрсетті деп айыптады. Актриса көгерген жерлерінің суреттерін жариялап, күйеуі тарапынан физикалық әрі эмоционалды қысым көргенін айтқан еді. Екі жылдан соң Депп бұрынғы жарына жала жауып отыр деген айыппен қарсы шағым түсірді. Ұзаққа созылған сот ісінен кейін Эмбер Херд жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танылып, 10,35 миллион доллар өтемақы төлеуге міндеттелді.
Джо Джонас пен Софи Тернер

Фото. Shutterstock.com. Автор. Featureflash Photo Agency
Софи күйеуінің ажырасқысы келетінін БАҚ құралдарынан білген. Қатыгездік иә? Айтуларынша, жұлдыздар жанжалдасып қалған, кейін Джо жасырын түрде ажырасуға арыз түсірген. Инсайдерлердің мәліметінше, актриса тұрмыстық өмір мен балаларға көп көңіл бөлмеген деседі. Дегенмен, ажырасқаннан кейін Софи қыздарын Ұлыбританияға алып кеткісі келген. Бірақ Джонас бұған қарсы болған соң, ол күйеуіне сотқа шағым түсірді.
Ким Кардашьян мен Канье Уэст

Фото. Getty Images. Автор. Handout.
Ким мен Канье 2014 жылы үйленіп, 2022 жылы ресми түрде ажырасты. Кимнің арызына ымыраға келмейтін келіспеушіліктер арқау болған. Бірақ нақты себебі айтылмады. Көпшілік не болғанын болжай алмай дал болды. Бір дереккөздер рэпердің психикалық жағдайының тұрақсыздығын алға тартса, енді бірі Ким балалардың мектебін күйеуімен ақылдаспай өз бетімен таңдағанын айтып, сол себепті ажырасқан болуы мүмкін деп жазды.
Карди Би мен Offset

Фото. Getty Images. Автор. Emma McIntyre.
Бұл бұрынғы жұп әлі ресми түрде ажыраспаған. Дегенмен соңғы оқиғалар оларды бұл тізімге қоспау мүмкін емес екенін көрсетті. Offset Карди Биді аяғы ауыр кезінде менің көзіме шөп салды деп айыптаса керек. Ал Карди, бұрынғы әдетінше, рэперге қатысты ауыр сөздер айтып, оны көпшілік алдында мазақ етті.
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Қорлан Тұрсынбекова. Источник заглавного фото. Getty Images. Автор. Richard Lewis.